Елбасы-ел тірегі, жас ұрпақ ел білегі
№12 кітапханада 1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай «Елбасы-ел тірегі, жас ұрпақ ел білегі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Оқырмандарға тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы Елбасы Н. Назарбаевтың балалық шағы, отбасы, сыныптастары жайлы қызықты деректер айтылып, өмір жолы мен шығармашылыққа толы атқарылған істері туралы, туып өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұматтар берілді.







