Армысың, әз Наурыз

      №13 балалар кітапханасында жас оқырмандар қатысуымен «Армысың, әз Наурыз» тақырыбында мерекелік шара өткізіліп, ұлттық мереке , халқымыздың салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы ұлықталды. 
      Ұлыс оң болсын! Той құтты болсын!-деп, сахнада балалар бір-бірімен төс қағыстырып, той-думанды әдемі көрініспен бастады. Тойға шашу шашылып, балалар «Наурыз» өлеңін, «Жарапазан» айтып, салт-дәстүрге байланысты өлең-шумақтарын оқыды. Жұмбақтар шешіліп, тұсау кесер, бесікке салар рәсімі жасалды. Мереке соңында Қыдыр ата: «Ұлыс оң болсын, Ақ мол болсын, Наурыз мерекесі құтты болсын!»-деп балаларға батасын берді. 


14 наурыз 2019 ж. 1 205

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам