» » Айбыны асқақ, тұғыры биік – Тәуелсіз Қазақстан

Айбыны асқақ, тұғыры биік – Тәуелсіз Қазақстан

№20 кітапханада 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Айбыны асқақ, тұғыры биік – Тәуелсіз Қазақстан» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмесіне Н. Назарбаевтың «Тәуелсіздік толғауы», «Эра независмости», «Тәуелсіздік белестері», М. Жолдасбековтың «Тәуелсіздік тағылымы», «Мәңгілік ел – Қазақстан», «Менің Отаным Тәуелсіз Қазақстан», «Қазақстан тарихы (1991-2001)», «Жыр тұғырым - Тәуелсіздік», «Тәуелсіздік идеясы және көркем мәдениет» және т.б. әдебиеттер мен мерзімді басылымдар қойылды.  Оқырмандарға Қазақ елінің сонау ықылым заманнан бері дербес, тәуелсіз ел болу мақсатындағы еркіндік пен бақытты өмір сүру үшін жүргізген толассыз, тынымсыз күрестерінің сан ғасырлық тарихынан сыр шертетін тарихи деректер айтылып, тәуелсіздік символдары «Қазақ елі», «Мәңгілік Ел» қақпасы, «Тәуелсіздік монументі», «Тәуелсіздік таңы» ескерткіштері жайлы мәліметтер берілді. 

12 желтоқсан 2019 ж. 730

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам