Мәңгілік елдің - мәңгілік мұрасы
№14 кітапхана мен Белкөл клубы бірлесіп Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 28 жылдығына орай «Мәңгілік елдің - мәңгілік мұрасы» атты көркемсөз оқу шеберлері байқауын өткізді. Байқауда «Тарих тарту еткен-тәуелсіздік!» тақырыбында өлең оқу, қазақ жазушыларының партриоттық шығармаларынан монолог оқу кезеңдері бойынша 15 талапкер өнер көрсетті.Байқау барысында №189 мектеп оқушысы, белсенді оқырман Мақсат Қамбар оза шауып, І- дәрежелі дипломды және ақшалай сыйақыны жеңіп алды. 2-дәрежелі дипломды № 264 мектеп оқушысы Қарасай Аружан, 3-дәрежелі дипломды №10 мектеп- лицей оқушы Нұрғалиева Ақерке иеленді. «Айбыны асқақ, тұғыры биік- Тәуелсіз Қазақстан» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, әдебиеттерге шолу жасалды.







