Тәуелсіздік теңдігім!
№ 12 кітапхана «Коворкинг» орталығында 1986 Желтоқсан көтерілісіне қатысушы Канетов Аманбаймен кездесу кеші ұйымдастырылды. Қазақ халқы мен жастарының жүрегінде өз ызғарын қалдырса да, ел тәуелсіздігінің бастамасы ретінде ұлы өзгерістерге жетелеген қанды оқиға жайлы А.Канетов мағыналы әңгімелер айтып, жастардың сұрағына жауап берді. Қазақ жастарының оның ішінде қазақ қыздарының ерлігі, сол оқиғаның құрбаны болған Қайрат, Лаззаттардың отанға деген адал да шынайы сезімдері туралы ой-пікірлер айтылып, жастар өз ойларын білдірді. Желтоқсан оқиғасын, жастарымыздың ерлігін кең көлемде насихаттау, жас ұрпақтың одан тағлым алуына жете мән беру- біздің қасиетті парызымыз деген қорытындымен кітап көрмесі бойынша әдебиеттерге шолу жасалып, оқуға кітаптар ұсынылды.







