Айбыны асқақ, тұғыры биік Тәуелсіз Қазақстан!
№17 кітапханада тәуелсіздігіміздің мағынасын түсіндіру мақсатында «Айбыны асқақ, тұғыры биік Тәуелсіз Қазақстан!» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге тәуелсіздіктің асыл мұраттарын арқау еткен, әлемге танылған Қазақстан мемлекетінің мәртебесін асқақтататын, жаңа заманның жаңа тарихын толғайтын «Менің елім Қазақстан», «Мәңгілік ел-Қазақстан», «Жыр-тұғырым-тәуелсіздік», «Жасампаз ұрақ», «Тәуелсіздікке тарту» және «Тәуелсіздік толғауы» сериясымен шыққан әдебиеттер қойылып, оқырмандарға таныстырылды.







