Айбыны асқақ, тұғыры биік Тәуелсіз Қазақстан
А.С.Пушкин атындағы орталық кітапхана «Коворкинг» жастар білім орталығында 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне орай «Айбыны асқақ, тұғыры биік Тәуелсіз Қазақстан» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, кітапхана оқырмандарына кеңінен насихатталды. Жастарға тәуелсіздікке жол ашқан желтоқсан оқиғасы жайлы ақпарат бере отырып, оларды елжандылыққа, Отан сүйгіштікке баулу, кітапханаға оқырман тарту. Кітап көрмесіндегі Егемен еліміздің өткені мен бүгіні, ата-бабаларымыздың аңсаған азат күні туралы сыр шертетін кітаптар мен мерзімді басылымдарға тоқталып, библиографиялық шолу жасалды.







