Айбыны асқақ, тұғыры биік Тәуелсіз Қазақстан!
№8 кітапханада «Айбыны асқақ, тұғыры биік Тәуелсіз Қазақстан!» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырман қауымға таныстырылды. Көрмеге Қ.Жұмаділовтің «Қалың елім қазағым», Б.Төлепбергеннің «Ұлттық идея –Тәуелсіздік тұғыры», М.Мұхамедовтың «Тәуелсіздіктің он сегіз асуы: құлдыраудан өрлеуге дейін», Н.Назарбаев «Тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы», «Тәуелсіздікке тарту», Н.Айтұлы «Ту», Ә.Кекілбаевтің «Азаттықтың ақ таңы», т.б кітаптар мен мерзімді басылымдар қойылды.







