Тәуелсіздік азатығым, бақ күнім
Тәуелсіздік - тәңірдің біздің ұрпаққа берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы екенін оқырмандарға насихаттау мақсатында №5 кітапханада «Тәуелсіздік азатығым, бақ күнім» атты әдеби кеш өткізілді. Шара Қазақстан Республикасының әнұранымен ашылып, Қазақстан тарихында халқымыздың ұлттық сана-сезімінің қалыптасуы, тәуелсіздік мемлекетіміздің тарихи маңызды кезеңдері туралы баяндалды.Сонымен бірге Ә.Байбурин «Егемен елім», Қ.Құдайбергенұлы «Тәуелсіздік сарбаздарына», Ж. Әскербекқызы «Тәуелсіздік», Б.Үсенбаев «Тәуелсіздік туралы жырлар» т.б белгілі ақындардың өлеңдері оқылып, «Тәуелсіз елдің тұғыры биік» атты 1991-2019 жылдардағы еліміздің жеткен жетістіктерін баяндайтын кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.







