Желтоқсан-ерлік тарихымыз
№6 кітапханада №235 орта мектептің 9 сынып оқушылары қатысуымен 16-желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай «Желтоқсан-ерлік тарихымыз» атты ауызша журнал өткізілді. Журналдың «Тәуелсіз елдің тұғыры биік», «Желтоқсан оқиғасы –тәуелсіздік тарихы», «Асқақтай бер, айбынды Қазақстан» беттері бойынша оқырмандар еліміздің даму белестері, бүгінгі жетістіктері және жарқын болашағы туралы деректермен, қазақ мемлекетінің сан ғасыр бойы қалыптасу тарихымен танысты. Тәуелсіздік тақырыбындағы қазақ ақындарының жырлары оқылып, әдебиеттерге шолу жасалды.







