Жастар және ұлттық ой сана
Жастардың санасына ұлттық құндылықтарымызды сіңіріп, рухани болмысымыз негізінде өмір сүруге баулу мақсатында қалалық №1 кітапхананың ұйымдастыруымен М.Ықсанов атындағы политехникалық колледжі студенттерінің арасында «Жастар және ұлттық ой сана» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелге осы колледждің тәрбие жөніндегі әдіскері С.Бекайдаров, өндірістік оқыту шебері Ө.Бектұрсынқызы, қазақ әдебиеті мен қ тілі пәнінің оқытушысы Г.Жақыпова және өндірістік оқыту шеберлері П.Нұрымбетова мен Қ.Жүсіпова қатысты. Дөңгелек үстелде «ХХІ ғасыр және ұлттық ой-сана», «Ұлттық болмысты қалай түсінеміз?», «Бәсекеге қабілеттілік дегеніміз не?» .. т.б тақырыптарда әңігіме өрбітіліп, жастар өз ойларын еркін ашық жеткізе білді. Нәтижесінде терең білімді, озық ойлы, санасы жетік, мінезі көркем, салауатты ұрпақ ғана ұлтымызды жаһандық жаңашылдыққа жетелейді деген ортақ пікірде шараны қорытындылады.