Өлең, мен сені аялап өтем...
№14 кітапхана мен Белкөл кенті клубының бірлесіп №189 орта мектеп оқушыларымен Фариза Оңғарсынованың туғанына 80 жыл толуына орай «Өлең, мен сені аялап өтем....» атты поэзия кеші өткізілді. Шара барысында №189 орта мектептің қазақ тілі әдебит пәнінің мұғалімі Баймаханова ақынның өмірбаяны жайында жан-жақты сыр шертіп, қазақ поэзиясының патшайымы Фариза Оңғарсынованың публицисттік қырлары жөнінде баяндады. Кеш барысында, поэзия сүйер оқушылар ақынға арналған және ақынның өлеңдерінен С.Жақсыбекова «Мен сонда жылап қалғанмын», Қ. Шымберген «Зергер», Ж.Ержанова «Шыдам», Қ.Оразалықызы «Өлген ойлар» сында басқа да өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Ақынның сөзіне жазылған «Фариза жан, Фариза қыз» әні әсерлі орындалып, белсене қатысқан оқушылар алғыс хатпен марапатталды.







