«Коворкинг» орталығы
30 желтоқсан күні Ақжарма ауылдық округі Баймұрат ауылы № 9 кітапханада «Коворкинг» орталығы ашылды. Коворкинг-орталықта жұмыс істеу үшін барлық жағдайлар жасалған: ыңғайлы креслолар, үстелдер, жұмыс орындарының ауқымды саны, бірлескен және жеке жұмыстарға арналған алаңдар, ақысыз Wi-Fi, жедел интернет бар. Бұл рухани азықтан алыстап бара жатқан өскелең ұрпақты кітап оқуға баулудың таптырмас жолы. Кітапханаларда жастарға арналған қызықты лекциялар ұйымдастырылып, пікірталас алаңдары және тағы басқа игі бастамалар қызмет ететін болады. Ал ата-аналарымен келген балалар үшін тоғызқұмалақ, шахмат, қызықты логикалық ойындар, шеберлік сыныптары ұйымдастырылады.










