Ұлы дала мақтанышы-Абай

     Санамызды жаңғырту арқылы  ХХІ ғасырда еліміздің тың серпінмен  дамуында Абай мұраларының тиізер пайдасы зор. Қаншама уақыт өтседе өзектілігін жоғалтпаған   ақынның ой-тұжырымдары баршамызға қашанда рухани азық.  Абай мұрасы-біздің ұлт болып бірлесуімізге, ел болып  дамуымызға жол ашатын қастерлі құндылық. Осы ұлттық  құндылығымызды  ұлықтау  мақсатында   қалалық  №6 кітапхананың  «Коворкинг» орталығында қазақтың ұлы ойшылы, ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай  «Ұлы дала мақтанышы-Абай» атты кітап көрмесінің ашылуы болып өтті.   
    Шараны қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Сая Жамбылқызы ашып, кітапханашы Г.Залиева кітап көрмесі бойынша ақын шығармаларымен таныстырды.  «Таным» қоғамдық бірлестігінің төрайымы А.Жолдасова ақын мұраларының құндылығы мен тәрбиелік мәні туралы айтса,  «Әлімсақ» журналының тілшісі А.Сайлауов,  №235 орта мектептің қазақ тілі пәні мұғалімі О.Құрманбаев,   «Кітап құрттары » клубының мүшесі  У.Файзуллаев шығармаларын мәніне келтіре айтты.  
   №235 мектеп оқушылары  А.Алиакбарова,  А.Жандос, З.Смағанбет,  Б.Хайруллаева, А.Дүйсенбаев,  «Ақмешіт»  колледжінің студенттері  І.Сәдірхан,  Н.Бәкір  т.б  ақынның  өлеңдері ен қара сөздерін нақышына келтіре мәнерлеп оқыды.  
   Қазақтың  ұлы ақынының  шығармаларын насихаттау мақсатындағы игілікті  шаралар  жыл бойына  жалғасын табады деген сеніммен шара қорытындыланды. 
 

09 қаңтар 2020 ж. 873

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам