Әл – Фараби мұрасы, Абай тағылымы
Қалалық кітапханалар жүйесіне қарасты №17 кітапханада Орта ғасырдың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл –Фарабидің туғанына -1150 жылдығына орай «Әл – Фараби мұрасы», халқымыздың ұлы перзенті хакім Абайдың туғанына -175 жылдық мерей тойлары аясында «Абай тағылымы» атты ғұламалардың өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмелерінің ұйымдастырылып, ашылу салтанаты өткізілді. Кітап көрмесіне Әл – Фарабидің трактаттары, әлемдік философия тарихына енген философиялық,, әлеуметтік-этикалық ой-тұжырымдары, ұлы Абайдың терең ойлары мен асыл сөздері енген жинақтары қойылып, оқырмандарға насихатталды.







