Әл – Фараби мұрасы. Абай тағылымы
№1 кітапханада Шығыстың ғұлама ойшылы, математик, астролог, музыка теоретигі Әбу Насыр Әл-Фарабидің – 1150 жылдығына «Әл – Фараби мұрасы», қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушысы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына «Абай тағылымы» тақырыбындағы кітап көрмесі жасалып оқырмандарға кеңінен таныстырылды. Кітап көрмесіне Әл – Фарабидің трактаттары, әлемдік философия тарихына енген философиялық этикалық - эстетикалық ой-тұжырымдары, Ұлы ақынның өнегелі өмірімен , ақынның даналығын, рухани асыл-мұралары, ғұламалар туралы зерттеулер мен мерзімді басылымдар қойылып насихаталды. Оқырмандар белсенділік танытып Абайдың өлеңдері мен қара сөздерін жатқа оқып, ой-пікірлерімен бөлісті.







