Әл –Фараби әлемнің ұлы ойшылы.
Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр Әл-Фарабидың 1150 жылдығы биылғы жылы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтуде. Осы орайда А.С.Пушкин атындағы орталық кітапхананың «Коворкинг» жастар орталығында «Әл –Фараби әлемнің ұлы ойшылы» атты кітап көрмесінің ашылу салтанаты өткізілді. Кітап көрмесінің ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының «Тарих және қоғамдық ғылымдар» академиясының академигі, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ магистранты Бақытжан Мухаррамұлы, «Әлімсақ» журналының бас редакторы,филология ғылымдарының кандидаты Нұрлан Көбегенұлы, кітапханамыздың белсенді оқырманы, жас ақын, ««Әлімсақ» журналының тілшісі, 2019 Жастар жылында «Жыл ақыны» номинациясының иегері Айдар Әділжанұлы Сайлауов. №4 С.Сейфуллин атындағы мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Таркешова Гауһар қатысып, ғұлама жайлы өз ойларымен бөлісті. Шараға қатысушы кітапхана оқырмандары мен С.Сейфуллин атындағы № 4, Абылайхан атындағы № 140 орта мектептің 9,10 сынып оқушылары кітап көрмесіне қойылған ұлы ғұлама жайлы жазылған әдебиеттермен, трактаттарымен танысып, арнайы дайындалған «Әл –Фараби әлемнің ұлы ойшылы» атты деректі фильмді тамашалап, өздеріне қажетті ақпараттар алды.







