Алтын орда: Тарих пен тағылымы.
№12 кітапхана « Коворкинг» орталығында Алтын Орданың 750 жылдығына орай «Алтын орда: Тарих пен тағылымы» атты көрмесі ұйымдастырылып, «Кітап құрттары» клубы мүшелерінің қатысуымен ашылу шарасы өткізілді. Евразия құрлығында 300 жылдан астам өмір сүрген Алтын орданың бай тарихы мен оған қатысты мәліметтер жинақталған кітаптар көрмеге қойылып, шолу жасалды. Шараға Қазақстан Республикасының «Тарих және қоғамдық ғылымдар» академиясының акадимигі, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ оқытушысы Ахметбек Бақытжан Мұхарамұлы мен «Кітап құрттар» клубының төрағасы Талғат Меңдібай қатысып, көптеген тарихи мәліметтер келтіріп, жастарға мол мағлұмат берді. Тәуелсіздікпен бірге оралып ұрпағына ұлан-ғайыр қоныс қалдырған батыр бабаларымыздың бай, биік рухы мен ерліктерін жаңа буын өскелең ұрпаққа дәріптеу.







