Әбу Насыр әл—Фараби-әлемнің ұлы ойшылы
№2 кітапханада атағы әлемге жайылған ғұлама философы Әбу Насыр әл-Фарабидің рухани мұраларын жас оқырмандарға насихаттау мақсатында «Әбу Насыр әл—Фараби-әлемнің ұлы ойшылы» атты таным сағаты өткізілді. Шара барысында халқымызға білім мен ілімнің нәрін сепкен аса ірі тұлғаның «Бақыт туралы», «Философия және дін», «Қыпшақтар» атты шығармаларынан үзінділер оқылып, нақыл сөздері таныстырылды.«Әл-Фараби мұрасы» атты кітап көрмесі бойынша шығармаларына шолу жасалып, «Бір ел-бір кітап» аясында жыл таңдауы аталған Әнуар Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» атты кітабы кеңінен таныстырылды.









