Әл-Фараби мұрасы, Алтын Орда: тарих пен тағылым, Абай тағылымы
№12 кітапханада «Әл-Фарабидің -1150 жылдығына Әл-Фараби мұрасы», Алтын Орданың -750 жылдығына «Алтын Орда: тарих пен тағылым», Ұлы ақын А.Құнанбаевтың- 175 жылдығына орай «Абай тағылымы» атты кітап көрмелері ұйымдастырылып, кітапхана оқырмандарына кеңінен таныстырылды. Кітап көрмесіне Әл – Фарабидің «Таңдамалы трактаттары», «Философия және дін», Ақжан әл-Машанинің «Әл-Фараби және Абай», «Әл-Фараби көпірі», «Әл-Фараби және бүгінгі ғылым», атты шығармаларынан үзінділер оқылып, нақыл сөздері айтылды. Ұлы ақынның өнегелі өмірі мен шығармалары таныстырылып, оқырмандар Абайдың өлеңдері мен қара сөздерін оқып, ой-пікірлерімен бөлісті. Алтын Ордада билік құрған қазақ хандарының өмірі мен қызметіне қатысты мәліметтер беріліп, жастарға мол мағлұматтар берілді.







