Салауатты жастар-ел болашағы

      №4 кітапханада Жастар жылына орай «Салауатты жастар-ел болашағы» атты дөңгелек үстел №253 мектептің жоғары сынып оқушылары мен оқытушылары қатысуымен өткізілді. Шараға облыстық жастар денсаулығы орталығының маманы Ж.Бақтыбайқызы, мектеп директорының орынбасары З. Наурызбаевалар қатысып жастардың білім алуы мен тәлім-тәрбиесі, денсаулығы мен салауатты өмір сүруге қалыптастырудағы атқарылар мідеттер жайлы әңгімелер қозғады. Қызылорда қалалық «Jas orda» жастар кеңесінің мүшесі, №253 мектептің әлеуметтік педагогы Ф.Ә. Әбзиева жастардың бос уақытын тиімді өтуізуде түрлі спорт, би үйірмелері мен қосымша оқу орталықтарының пайдасы туралы , жастардың ғаламторға көп уақыт жоғалтатыны, қажетсіз ақпараттардың зияндылығы мен арақ ішу, темекі шегу сияқты зиянды әрекеттердің алдын-алу керектігін кеңінен айтып, жастар пікірлері тыңдалды. 

15 наурыз 2019 ж. 1 128

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам