Ұлы Дала ұлағаты

      № 16 қалалық кітапханада  «Ұлы Дала ұлағаты» атты ашық есік күні өткізілді. Шара барысында  оқырмандарға  кітапхана жайлы ақпарат беріліп,  «Бір ел – бір кітап» акциясы бойынша «Жыл кітабымен танысыңыз», Алтын Орданың 750 жылдығы мен Қазақ хандығының 555 жылдығына «Ұлы Дала айбары», Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығына «Әл-Фараби мұрасы», Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына «Абай тағылымы» және «Рухани жаңғыру – ел мұраты» атты кітап көрмелеріне қойылған әдебиеттер   бойынша шолу жасалды.  Кітапхана оқырмандары З.Журабек Абайдың өлеңдерін,  Мұратбек Бекзат өз шығармашылығынан Абайға арнау өлеңін оқыды.


20 қаңтар 2020 ж. 900

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам