Алтын Орда: Тарих пен тағылым,Әбу Насыр әл-Фараби – әлемнің ұлы ойшылы,Абай – қазақтың ұлы ақыны
№20 кітапханада биылғы айтулы даталарға орай «Алтын Орда: Тарих пен тағылым», «Әбу Насыр әл-Фараби – әлемнің ұлы ойшылы», «Абай – қазақтың ұлы ақыны» атты тұрақты кітап көрмелері ұйымдастырылды. Кітап көрмелеріне 750 жылдық терең тарихы бар Алтын Орда мемлекетінің құрылуы мен Алтын Ордада билік құрған хандардың өмірі мен қызметі жайлы жазылған «Ұлы дала мемлекеттері», Т. Сұлтановтың «Алтын Орда», Қ. Бегалиннің «Алтын Орда хандары», Шығыстың ұлы ойшылы, көзі тірісінде-ақ «Екінші ұстаз» атанған Әбу Насыр әл-Фараби жайлы жазылған «Жүз жиырма тұңғыш», «Қазақ халқының тарихи тұлғалары», ғалымның өз еңбектері сонымен бірге ұлы ақын А. Құнанбаев жайлы жазылған Ғ. Есімнің «Хакім Абай», К. Оразалиннің «Абай ауылына саяхат», М. Мырзахметұлының «Абайтану», ақын шығармалары және т.б. әдебиеттер мен мерзімді басылымдар қойылып, оқырмандар назарына ұсынылды.







