Өлең, мен сені аялап өтем...
№14 кітапхана мен Белкөл кенті клубының бірлесіп №189 орта мектеп оқушыларымен Фариза Оңғарсынованың туғанына 80 жыл толуына орай «Өлең, мен сені аялап өтем....» атты поэзия кеші өткізілді. Шара барысында №189 орта мектептің қазақ тілі әдебит пәнінің мұғалімі Баймаханова ақынның өмірбаяны жайында жан-жақты сыр шертіп, қазақ поэзиясының патшайымы Фариза Оңғарсынованың публицисттік қырлары жөнінде баяндады.







