Нашақорлық – қауіпті дерт.
№15 Талсуат ауылдық кітапханасында жасөспірімдерге денсаулыққа зиян, қоғамдағы жат қылықтар туралы түсінік беру мақсатында «Нашақорлық – қауіпті дерт» тақырыбында таным сағаты өткізіліп, шараға ауыл медбикесі А.Есенова, мұғалімдер мен мектеп оқушылары қатысты. Шара барысында нашақорлық пен раққұмарлықтың, темекінің денсаулыққа зияндылығы, өмірге қауіптілігі туралы айтылып,жастардың сұрақтарына тұшымды жауаптар берілді.Кітап көрмесіне «Салауаттану»,«Қыз-өмірдің қызғалдағы»,«Валеология»,«Есірткі – заман кеселі»,«Алдамшы рахат арбауында»,«Денсаулығы баланың – қуанышы ананың», «Сау басқа сақина»,«Салауатты өмір-денсаулық кепілі», «Денсаулық», «Денсаулық энциклопедиясы» т.б. кітаптар қойылып, жастар оқуына ұсынылды.







