Шығыстың ғұлама ғалымы.
Шығыстың ғұлама ойшылы, математик, астролог, музыка теоретигі, Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына орай №3 кітапханада" Шығыстың ғұлама ғалымы " атты кітап көрмесі ұйымдастырылып кітапхана оқырмандарына кеңінен таныстырылды. Кітап көрмесіне Әбу Насыр Әл-Фарабидың он томдық шығармалары, «Таңдамалы трактаттар», «Қайырымды қала », «Музыка туралы кітап», атты әлеуметтік-этикалық трактаттарымен қатар А.Машановтың Әл Әл-Фараби және Абай, Ә.Дербісәлиевтің «Қазақ даласының жұлдыздары», А.Көбесовтің «Әл-Фарабидің ашылмаған әлемі» тағы да басқа шығармалары қойылып, оқырмандарға таныстырылды.







