Абай-Ұлы тұлға.
Қазақтың рухани кемеңгері, ойшыл, білім мен бостандық жолындағы қажымас күрескер – Абай Құнанбайұлының 175 жылға толған биылғы мерейтойына арналып №3 кітапханада "Абай-Ұлы тұлға" атты кітап көрмесі ұйымдастырылып оқырмандарға таныстырылды.Кітап көрмесіне Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен «Хикмет кітабы», «Адам деген даңқым бар», «Көңілімнің санасы»,» «Қайран тіл,қайран сөз», «Сен де бір кірпіш дүниеге», «Қалың елім қазағым» атты кітаптарымен қатар М..Әуезовтің «Абай жолы »эпопеясы «Абайды білмек парыз ойлы жасқа» кітабы, Ғ.Есімнің «Хакім Абай», Г.Апееваның «Абайдың ақындық дәстүрі», «Абай туралы естеліктер» жинағы тағы да басқа әдебиеттер қойылып насихатталды. Сондай-ақ оқырмандар кітапхананың абонемент бөлімінде дайындалған Ұлы ақынға арналып арнайы дайындалған бұрышпен танысты.және оған қойылған Абай шығармаларымен танысты.







