Қазақстан өсімдіктер әлемінің асыл қазынасы
№18 кітапханада «Қазақстан өсімдіктер әлемінің асыл қазынасы» атты библиографиялық шолу жас оқырмандардың табиғат жайлы танымдарын кеңейту мақсатында өткізілді. Оларға еліміздің әсем табиғаты, оның баға жетпес қазынасы, өсімдіктер әлемі жайлы әдебиеттер, даналық қағидаттары мен табиғат жайлы мақал-мәтел, даналық сөздер жинақталған әдебиеттер таныстырылып, көптеген мағлұматтар берілді.







