Алтын Орда мемлекеті: тарихы мен тағылымы
А.С.Пушкин атындағы қалалық орталық кітапханада С.Ысқақов атындағы «Қызылорда Құрылыс және Бизнес» колледж студенттері мен оқытушыларының қатысуымен ашық есік күні өтті. Шара барысында биылғы атаулы күндерге арнайы ұйымдастырылған «Әлемнің екінші ұстазы» атанған Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150жылдығына орай «Әл-Фараби әлемнің ұлы ойшылы» атты, Алтын Орданың 750 жылдығына орай «Алтын Орда мемлекеті :тарихы мен тағылымы» атты, қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175жылдығына орай «Әлем таныған ұлы Абай» атты, ҚР Конститутциясының 25жылдығына орай «Айбары асқақ Ата заң» атты, Қазақстан халқы Ассамблеясының 25жылдығына орай «Бірлігі жарасқан қазақ елі» және де кітапхана қорына келіп түскен жаңа әдебиеттерге «Оқырман назарына,жаңа кітап!» атты тұрақты кітап көрмелері таныстырылып, кеңінен насихатталды.Көрмеден жастар өздеріне қажетті ақпараттар алды.







