Жастары белсенді елдің ертеңі жарқын
№1 кітапхананың «Жастары белсенді елдің ертеңі жарқын» тақырыбындағы дөңгелек үстел Қызылорда облыстық М.Ықсанов атындағы политехникалық колледждің студенттері, ұстаздары мен №257, №11 мектеп – лицейінің іс – тәжірибеде жүрген жас мамандар қатысуымен өткізілді. Шара барысында Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы басты бағыттар айтылып, жастар «Білім беру сапасы», «Дипломмен - ауылға», «Жастарды жұмыспен қамту», «Жастардың басты мәселесі - баспана», «Бос уақытты тиімді өткізуге қолайлы жағдай жасау»,«Шағын және орта бизнес» сияқты өзекті мәселелер тақырыбында пікірлесіп, ойларын ортаға салды.







