Ертегілер әлемі – сиқырлы әлем
№15 Талсуат ауылдық кітапханасында 2020ж. жас бүлдіршіндерді кітап оқуға баулу, кітапты сүйе білуге тәрбиелеу мақсатында «Ертегілер әлемі – сиқырлы әлем» атты кітапханаға саяхат ұйымдастырылды. Қызықты кітаптарымен кеңінен танысқан жас оқырмандар дауыстап ертегілер оқып, мазмұнын айтып жарысты. «Қуыр-қуыр, қуырмаш», «Әкесін іздеген ұл», «Ақбота», «Алдар көсе», «Алпамыс батыр» т.б. кітаптарына шолу жасалып, жаңа әдебиеттермен танысты. Балалар оқыған кітаптары жөнінде айтып, әңгіме – сұхбат құрды.








