Абайды оқы, таңырқа, Әбу Насыр әл-Фараби мұрасы, Алтын Орда: тарих беттерінен, Өмірмен өзектес өнер
№14 Белкөл кенті кітапханасында ашық есік күнін өткізіліп, биылғы меретойларға орай ұйымдастырылған «Абайды оқы, таңырқа», «ӘбуНасыр әл-Фараби мұрасы», «Алтын Орда: тарих беттерінен», «Бір ел -бір кітап», «Өмірмен өзектес өнер» атты кітап көрмелері оқырмандарға кеңінен таныстырылды. Оқырмандар ұлы Абай ақынның, әлем ойшылы Әбу Насыр әл-Фарабидің шығармаларымен, Алтын орда тарихы туралы әдебиеттермен тереңірек танысып, шығармалар туралы ойларын ортаға салды. Абайдың жырларын жатқа оқылып, әндері шырқалды. «Жаңа кітап сізге, келіңіздер бізге», тақырыбында кітап көрмесінен жаңа әдебиеттермен танысып, 7 кітап оқуға берілді.







