Қазақтың бір нар ұлы
№16 қалалық кітапхананың ұйымдастыруымен «Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында» Халық жазушысы Мұхтар Мағауиннің 80 жылдығына орай «Қазақтың бір нар ұлы» атты әдеби портрет өткізілді. Шара барысында қазақ әдебиетіне құнды туындылар әкелген Халық жазушысы Мұхтар Мағауиннің өмір жолдары мен шығармашылығы туралы ақпараттар берілді. Сонымен қатар оның тарихи шындыққа негізделген терең ойлы «Аласапыран», «Қобыз сарыны», «Қазақ тарихының әліппесі» туындылары тереңірек таныстырылды.







