Әл-Фарабидің музыка, кітап туралы шығармасын таныстыру.
Қарауылтөбе ауылдық кітапханасында «Әл-Фарабидің музыка, кітап туралы шығармасын таныстыру» тақырыбында оқырмандарға Аристотельден кейінгі екінші ұстаз Әл-Фараби өмірі,еңбек жолы туралы түсінік беріп, ғұламаның жан-жақты ерекше тұлға болғандығын анықтау мақсатында ізденіс жүргізілді.
Шығармашылықтан үзінді келтіре отырып, мән-мағанасын ашуға, негізгі ойды өз сөздерімен жеткізе білдік.
Халқымызға білімнің, ілімнің нәрін сепкен аса ірі тұлға Әбунасыр әл-Фараби мұраларынан нәр ағызып, жас оқырмандарды туған жерге деген сүйіспеншілікке, адамгершілікке, қасиетті нәрселерді қадір тұтуға тәрбиелеу мақсатында әдеби танымдық кеш өткізілді.







