Жарыстым талай елдің жүйрігімен
№18 кітапханада қазақ халқының айтулы ақыны, дүлділ әншісі Кенен Әзірбаевтың шығармашылығын насихаттау мақсатында «Жарыстым талай елдің жүйрігімен» атты әдеби кеш өткізілді. Шараға №43 мектептің 8 сынып оқушылары қатысып ақынның «Мен сүйемін халқымды» , «Көкшолақ», «Бұлбұлға»,»Көпшілік көрсін әнімді» өлеңдерін мәнерлеп оқып, «Келінжан». «Бозторғай»әндерін орындады. Кеш барысында кітап көрмесі ұйымдастырылып, әдебиеттерге шолу жасалды.







