Абай- поэзияның ұлы тұлғасы.
Талдыарал ауылдық №11 кітапханада қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай «Абай- поэзияның ұлы тұлғасы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып оқырмандарға таныстырылды. Көрмеге Абай Құнанбаевтың кітаптары мен мерзімді басылым беттеріндегі мақалалар қойылып, әдебиеттерге шолу жасалды. Жастар ақыннын өнер қууға, білім алуға шақырған, адал еңбек етуге, халқына пайда келтіруге үндеген өлеңдері мен қарасөздерін жатқа оқыды.







