Қазақ әдебиетінің алыбы
Талдыарал ауылдық № 11 кітапханасында «Бір ел бір кітап» акциясы аясында ақын Ә.Тәжібаевтың шығармаларынан «Қазақ әдебиетінің алыбы» атты әдеби портрет болып өтті. Қазақ поэзиясының аса көрнекті өкілі, ғалым, танымал драматург, белгілі қоғам қайраткері Ә.Тәжібаевтың өмірі мен шығармашылығы жан- жақты таныстырылып, жас оқырмандар «Уақыт», «Сыр туралы сыр», «Жастық туралы», «Достарға» және т.б өлеңдерін жатқа оқыды.









