Өмірім бар жылдардың өзегінде.
А.С.Пушкин атындағы қалалық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен Абылайхан атындағы жоғары колледжінде Нартай Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық драма театрының көркемдік жетекшісі, театр режиссері Хұсейін Жүсіпұлы Әмір-Темірдің 80 жасқа толуына орай «Өмірім бар жылдардың өзегінде» атты бейнебаян көрсетілді. Бейнебаянда Хұсейін Әмір-Темірдің театр сахнасына ұлттық классикалық қаламгерлер Ғ.Мүсірепов, “Қозы Көрпеш – Баян сұлу”, “Ақан Сері – Ақтоқты”, М.Әуезов “Түнгі сарын”,“Еңлік – Кебек”, Б.Майлин “Майдан”және осы заманғы қазақ жазушылары Т.Ахтанов “Ант”, “Әке мен бала”, С.Жүнісов “Қызым, саған айтам”, “Жаралы гүлдер”, І.Мұхамеджанов “Бөлтірік бөрік астында”, “Өзіме де сол керек”, “Жат елде”, Д.Исабеков “Әпке”, “Ертеңді күту”, “Мұрагерлер”, “Жоғалған ескерткіш”, Ә.Әлімжанов пен М.Д. Симашко “Комиссар Жангелдин” атты режиссерлық еңбектерінен үзінділер көрсетілді. Сондай-ақ оқырмандарға мерейтой иесінің өмірі мен шығармашылығы кеңінен насихатталды.







