Рухани жаңғырудың жарқын жолы.
№13 балалар кітапханасында 7- сынып оқушылары қатысуымен «Рухани жаңғырудың жарқын жолы» атты таным сағаты өткізілді. Шара барысында жас оқырмандар «Рухани жаңғыру: кеше, бүгін, болашақ» атты кезеңдерге бөліп рухани жаңғырудың басым бағыттары туралы айқындап айтып, ұлттық сананы күшейтудің ең басты қағидаларын атап , өз ой пікірлерімен бөлісті. Шара соңында Отан туралы тақпақтарын айтып , «көгершін парағы» таратылып , әрбір оқырман қазақстанымыздың өркендеуіне өз тілектерін жазып шықты.Патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық қүндылықтарды жаңғырту. Жас оқырмандарды отанын, туған жерін қорғай білуге тәрбиелеу.







