Абай және жастар.
№12 кітапхана «Коворкинг» білім орталығында қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай «Абай және жастар » атты пікір талас өткізілді. Шараға №222 Т. Рысқұлов атындағы орта мектептің оқушылары қатысып ұлы ақын туралы ой-пікірлерімен бөлісіп, қара сөздерін жатқа айтты. Абайдың «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық-ай» және т.б әндері қараокемен айтылды. «Абай тағылымы» кітап көрмесі ұйымдастырылып оқырмандарға таныстырылды. Көрмеге Абай Құнанбаевтың кітаптары мен мерзімді басылым беттеріндегі мақалалар қойылып, әдебиеттерге шолу жасалды.







