Өлеңім өмірімді өрнектеген.
№6 кітапхананың ұйымдастыруыменен «Зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығында» ақиық ақын М.Мақатаевтың шығармашылығына арналған «Өлеңім өмірімді өрнектеген » атты әдеби кеш өткізілді. Кешті Облыстық Ардагерлер кеңесінің директоры Ж.Т.Адранова Жанат ашып,ақынның шығармашылығына арналған кітап көрмесі таныстырылды.Ардагерлер ақынның өмірі жайлы мәліметтерге қанығып,ақынның«Үш бақытым»,»Аманат» «Күнделіктер»,»Махаббат сазы»,«Жүрек арызы»,5-томдық шығармаларының толық жинақтарымен танысты.Кеште Ардагерлер үйінің қызметкерлері Ә.Жаппасбаева, М.Оразбаева, Ұ.Әбдіқайым «Бақыт деген»,«Әке сөзі», «Өмір сүрейік алмасып», «Шындық туралы» , «Ақиқаттың ауылы» , «Жырлар жазам» атты өлеңдерін мәнерлеп оқып, мәдени қызметкерлер А.Үсенов , АҚашақбаев «Есіңе мені алғайсың», «Сәби болғым келеді» әндерін шырқады.







