Жақсылық жасауға асығайық.
2020-Еріктілер жылы. №218 мектеп жанынан құрылған «Асар» еріктілер тобы жетекшісі И. Балымбетованың бастамасымен «Жақсылық жасауға асығайық» деген ұран негізінде Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №11 кітапханаға келіп, кітап қорындағы ескі, жыртылған кітаптарды түптеп, өңдеуден өткізді. Барлығы 32 кітап жаңартылды. Соңынан жас еріктілер тобы кітапханадағы мерейтойларға орай ұйымдастырылған кітап көрмелері мен танысып, жаңа әдебиеттермен сусындады. Еріктілердің мұндай игілікті істері жыл бойы жалғасын табады.







