Абай-ұлы тұлға.
Қызылөзек ауылдық №10 кітапханада қазақ халқының ұлы ақыны, әдеби тілдің негізін салушы, аудармашы, сазгер тұлға Абай Құнанбаевқа 175 жыл толуына орай «Абай-ұлы тұлға» атты әдеби оқу өткізілді. Кітапхананың тұрақты оқырмандары А.Мұратбек Айзере, Б.Мұхамбетжан,І.Абуғали,М.Қуаныш ақынның «Жақсылық ұзақ тұрмайды», «Заман ақыр жастары», «Өлең-сөздің патшасы,сөз сарасы», «Қансонарда бүркітші шығады аңға» Берікболова Жанерке ақынның 45-ші қара сөзін мәнерлеп жатқа оқыды. Кітапханада осы тақарыпта кітап көрмесі ұйымдастырылып, әдебиеттерге шолу жасалды.








