» » 2020 – Ұлттық волонтерлықты дамытудың жаңа кезеңі.

2020 – Ұлттық волонтерлықты дамытудың жаңа кезеңі.

2020 жыл – Еріктілер жылы. Осыған орай А.С.Пушкин атындағы орталық кітапхананың «Коворкинг» орталығында «2020 – Ұлттық волонтерлықты дамытудың жаңа кезеңі» тақырыбында  дөңгелек үстел өтті. Аталған іс-шараға оқырмандар мен белсенді жастар қатысты. Шараның басым-бағыты: Қазақстанның Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылды «Волонтерлар» жылы деп жариялаған болатын. Ерікті волонтер болу дегеніміз риясыз мейірімділік көрсету, жаңа дағдыларға үйреніп, адамдарға жақсылық жасау, төрт қабырға ішіне қамалып, тағдырына налып отыратын мүмкіндігі шектеулі жандардың қызықты да əсерлі істер мен оқиғалардың ортасында болуы үшін көмектесу, тағдырдың тезімен қиын жағдайға тап болған адамның жанынан табылу, қолынан келгенше сүйеу бола білу деген сөз. Ол екінің бірінің қолынан келмейтін іс. Ерікті волонтерлер болу үшін адамдарға ниет білдіру, жаны ашып, есіркей білу, ашуды ақылға жеңдіре білу, командада жұмыс жасай білу ғана емес, адалдық, парасаттылық сияқты адамгершілік қасиеттер керек. Осы мәселелер төңірегінде  жастар өз ой-пікірлерін ортаға салып:

 Еріктілер деген кімдер?

 Қозғалыстың қандай бағыттары бар?

 Еріктілер мотивациясы қандай?

 Волонтер болу үшін не істеу керек?

 Неге адамдар волонтер болғысы келеді?

 Волонтерлардың   өз заңнамасы бар ма деген сұрақтарға жауап беріп,  ұсыныстарымен, алға қойған мақсаттарымен өз ара бөлісті. Сонымен бірге жастар қауымы елімізде болып жатқан түрлі оқиғалардан шет қалмай, белсене қатысу керек екенін де айта кетті.  Жастар еріктіліктің тұлғалық қалыптасудағы рөлін түсіне бастағаны айқын. Еріктілер – жаны таза адамдар. Олар – елдің шынайы патриоты. 2020 жыл «Еріктілер жылы» деп жариялануының өзі біздің мемлекетіміздің адами құндылықтарымызды дәріптейтіндігінің бірден – бір көрінісі болмақ.

 
14 ақпан 2020 ж. 948

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам