Сен жанбасаң жалындап.

 Қалалық №1 кітапхананың үйымдастыруымен  «Сен жанбасаң жалындап» тақырыбында  аға ұрпақпен жастардың  кездесу кеші  Тасбөгет кентінде көп жылдар еңбек еткен -ардагерлер  бастауыш ұйымы төрағасы,  Р. Молдашұлының,  медиатор,  кеңес мүшесі О.Жүсіпұлының,  денсаулық сақтау саласының ардагері  Ө.Қожановтың, еңбек ардагерлері Қ.Достыбаев, М.Жәлімбетовтың,  Батыр Ана Ш.Көрпешованың,   М.Ықсанов атындағы политехникалық колледж студенттері мен  ардагер ұстаздар қатысуымен өткізілді. Жастардың  бірнеше сұрақтарына  орай келелі әңгімелер мен естеліктер айтқан  аға буын өкілдері еңбектің  тәрбиелік мәніне,  бүгінгі күннің жастарына қатысты өзекті мәселелерге кеңінен тоқталды. Жастардың түпкі ой-санасын рухани жаңғыртуда ұлттық болмысымызды, салт-дәстүр, ұлттық өмір сүру салтымызды сақтаудың аса маңыздылығы туралы ойлар өрбіді.  Шара барысында  мәдениет үйінің қызметкерлері бірнеше ән,  Нұртуған жыраудың термелерін  орындады.
17 ақпан 2020 ж. 852

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам