Діні сау ұрпақ жарқын болашақ кепілі.
№14 кітапхана клубпен бірлесіп №189 мектепте «Діні сау ұрпақ жарқын болашақ кепілі» атты денсаулық сақтау мекемесінің маманымен кездесу кешін ұйымдастырды.Шара барысында кент емханасының медбикесі Берікболова Баян ОРВИ, тымау ауруларының белгілері мен сақтану жолдарын әңгімелеп берді. Қазіргі кезде Қытай елінде тараған, тымауға ұксас короновирус дерті аса қауіпті екені баса айтылды. Мұғалима Г.Шонықова әлеуметтәк желі мен мерзімді басылым беттерінде жарық көрген ақпараттар жайлы айтып, өз ойын ортаға салды. Шарада оқушылар мамандарға өздерін мазалаған көкейдегі сұрақтарына тұшымды жауап алды. Қатысушыларға парақшалар таратылып,толығырақ ақпаратты кітапханаға келіп мкерзімді басылым беттерінен алуға болатыны айтылды. Шара мазмұнды да қызықты өтті.







