Ұлы дала айбары
№16 қалалық кітапханада Алтын Орданың 750 жылдығына және Қазақ Хандығының 555 жылдығына байланысты «Ұлы дала айбары» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, әдеби дайджест өткізілді. Шара барысында Алтын Орда мемлекеті мен Қазақ хандығының тарихына, хандарына тоқтала келіп, кітап көрмесіне қойылған Т. Сұлтановтың «Алтын Орда», Қ. Бегалиннің «Алтын Орда хандары», Б. Кәрібаевтың «Қазақ хандығының құрылу тарихы», «Қазақ хандығының күшеюі», «Қазақ хандары», «Ұлы Дала мемлекеттері» және тағы басқа әдебиеттер мен мерзімді басылымдарға қысқаша шолу жасалды.







