Айбынды алтын Орда-ұлы тарих.
№6 кітапхана мен №235 орта мектептің кітапханасы бірлесіп 9 сынып оқушылары арасында Алтын Орданың 750 жылдығына орай «Айбынды алтын Орда-ұлы тарих» атты тақырыптық кеш өткізді. Ұлттық тарихымызды насихаттау, ұлттық патриотизмді ұрпақ жадына сіңіру мақсатындағы іс шараға ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Т.Абылаев, №235 орта мектептің оқу ісі жөніндегі директор орынбасары Д.Шадыбекова, №187 орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі Ж.Рахметовалар қатысып оқушыларға әлемнің жартысына өз әмірін жүргізген Алтын Орданың тарихы туралы әңгімелер айтты. №235 орта мектеп оқушылары Ә.Әлменова, Д.Бауыржан , А. Шакарманқызы, Н.Сардарқызы Ертіс өзенінен Дунай өзеніне дейінгі кең байтақ территорияның негізін қалаған Жошы хан, Талас құрылтайы, Ақ Орда туралы көптеген қызықты мәліметтер айтты. «Айбынды Алтын Орда» атты кітап көрмесі таныстырылып, оқырмандар оқуына әдебиеттер берілді.







