Алтын Орда-Ұлы дала тарихы.
№3 кітапхананың оқу залында Алтын Орданың 750 жылдығына арналған ««Алтын Орда-Ұлы дала тарихы»» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.Көрмеге Алтын Орда мемлекетінің құрылуын, даму тарихын, күйреуін баяндайтын Қайрат Бегалиннің «Алтын Орда хандары», Тұрсын Сұлтановтың «Алтын Орда», «Қазақ хандығының тарихы», Мұхтар Мағауиннің «Қазақ тарихының әліппесі», Бексұлтан Нұржекеұлының «Қазақ тарихынан» атты т. б. кітаптар мен энциклопедиялық анықтамалықтар, жинақтар, мерзімдік басылымдар беттерінен тарихи мағлұматтар қойылып, кітапхана оқырмандарына таныстырылды.Оқырмандарға Алтын Орданың құрылу тарихы, жүргізген ішкі-сыртқы саясаты мен саяси экономикалық даму ерекшеліктері, қоғамдық құрылысы мен оның әлсіреуі туралы түсінік берілді.







