Алтын Орда-Ұлы дала тарихы.
№3 кітапханада оқырмандар арасында «Алтын Орда-Ұлы дала тарихы» атты танымдық сағат өткізілді. Ел тарихына деген қызығушылықтарын арттырып, өткенді білуге, саралауға үйрету мақсатындағы шара барысында Алтын Орда – Жошы ұлысының орнына құрылған алғашқы ірі мемлекеттердің бірі болғаны жайында айтылып, Орданың құрылу тарихы, жүргізген ішкі-сыртқы саясаты мен саяси экономикалық даму ерекшеліктері, қоғамдық құрылысы мен оның әлсіреуі туралы түсінік берілді.
Оқырмандармен Алтын Орда тарихының ақтаңдақ беттері, оның тікелей ізбасары кім, әскери өнер тақырыбы, сондай-ақ Қазақ хандығының шығу тегі мен Жошы ұлысынан еншісін алып бөлек шыққан түрлі мемлекеттердің өзара қарым-қатынас ерекшеліктері қалай болды деген сауалдар айналасында әңгіме өрбітілді.







